Жаңалықтар

"Жетімдер бизнестің көзі болған". 9 мың бала шетелге қалай сатылды?

"Жетімдер бизнестің көзі болған". 9 мың бала шетелге қалай сатылды?

«Ұлысмедиа» платформасында жаңадан ашылған Qarakoz подкастына сұхбат берген «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы авторы Жанар Байсемізова қазақстандық жетім балалар 90-2000 жылдары әлемнің отыз еліне тарап кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алайда шетелдіктер асырап алған балалардың нақты тізімі ешбір жерде жоқ.

Гаага конвенциясы бойынша Қазақстан шетелдіктерге баса асырауға беруге міндетті. «Мұны сол кезде бизнеске айналдырған ба?» деген журналистің сауалына Байсемізова «Бизнеске айналдырған емес. Ол кәдімгі бизнес болған» деп жауап берді. Айта кетейік,  бұдан бұрын «Шетелдегі қазақ балалары» жобасыны авторы «Фейсбукте» балалардың бәленбай мың долларға сатылғаны туралы пост жазды. Алайды, кейін оны өшіруге мәжбүр болған.

Әр кез полиция таратқан мәліметтерге қарағанда бала саудасы пролемасы Қазақстанда әлі күнге дейін бар. Нәресте 500 мыңнан 1,5 млн теңге аралығында бағаланады.