Жаңалықтар
Жетісу мектептерінің бірінде есепшілер өлген адамдарға 327 млн теңгеге жалақы есептеген
- авторjambylinfo.kz
- 26 сәуір, 2023
- 266
Жетісу мектептерінің бірінде есепшілер өлген адамдарға 327 млн теңгеге жалақы есептеген
Жетісу өңірі бойынша экономикалық тергеу департаменті үш мектепте жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша екі қылмыстық істі тергеп жатыр. Белгілі болғандай, екі есепші «өлі жандарды» жұмысқа алды деген күдікке ілінген. Оның үстіне бірі екі мектепте қатар жұмыс істеген.
Комиссия ішкі мемлекеттік аудит барысында білім беру ұйымдарында қызметкерлердің саны мен олардың жалақылары бойынша түсініксіз жағдайды анықтады. Пайда тапқыш есепшілер осылайша 327 миллион теңгеден астам қаржыны бюджеттен алып үлгерген.
Оқиға мұғалімдердің «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұловқа көмек сұрап жүгінгеннен кейін белгілі болды. Бұдан кейін мемлекеттік аудит қызметкерлері білім ошағында тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық схемалары анықталды. Смағұловтың пайымдауынша, бұл шикіліктің бір ұшы ғана, бюджеттік қаражатқа қатысты алаяқтық іс әрекеттер жүйелі сипатқа ие болған дейді.
«Қазір біз осындай істі мектеп ұжымының ақпаратының арқасында Астанада, Түркістан облысында да жүргізіп жатырмыз. Сондықтан абырой мен намысқа немқұрайлы қарамайтын еліміздің барша ұстаздарына үндеу айтқым келеді. Ұрлыққа бей жай қарап отырмаңыз. Ұры директорлар мен есепшілерді қудалау керек. Бізге анонимді түрде хабарлассаңыздар болады. Алдағы уақытта бұл фактілерді өз арналарымыз арқылы тексеріп, кейін уәкілетті органдарға өзіміз мәлімдейміз. Біз әрбір ақпаратты тексереміз», – дейді Смағұлов.
Бұған дейін Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің қызметкерлері Панфилов ауданының аумағында қашпақ болған Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі Мадлен Серғазинованы ұстаған болатын.
Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер 48 жастағы әйелді тінту барысында 942 902 117 теңге (617 640 000 тг және 721 282 АҚШ доллары), 21 жылжымайтын мүліктің кілттері мен құжаттары: 14 пәтер, 7 коммерциялық үй-жай, Toyota Land Cruiser» көлігі мен зергерлік бұйымдарды тапты.
Дереккөз: https://orda.kz/v-kazahstanskih-shkolah-rabotali-mertvye-dushi/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала