Жаңалықтар

Жетісу облысында елдімекенді су басты

Жетісу облысында елдімекенді су басты

Еріген қар суы Қызылжар ауылы тұрғындарын әбігерге салды. Кербұлақ ауданындағы егіс алқаптарынан келген судың нөпіріне арықтар тосқауыл бола алмаған. Төтенше жағдайдың алдын алуға 60-тан астам адам, 11 техника жұмылдырылды. Алдағы күндері өңірде ауа температурасы +15 градустан жоғары болып, жаңбыр жауады деп күтілуде.