Жаңалықтар
Жетісу облысындағы мұғалімдердің айлық жалақысын мүлде басқалары алып отырған
- авторjambylinfo.kz
- 5 ақпан, 2024
- 303
Жетісу облысындағы мұғалімдердің айлық жалақысын мүлде басқалары алып отырған
Дәл осы өңірде 63 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды.
Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің деректеріне сай, Кербұлақ ауданында 34 миллион теңге ұрланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Білім беру басқармасының есепшілері мұғалімдерге және осы мекемеде жұмыс істемейтін тұлғаларға жоғарылатылған жалақы мен демалыс ақысын заңсыз төлеу арқылы 34 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», - деп атап өтті облыстық прокуратура.Сондай-ақ, Сарқан ауданы әкімдігінің туристік орындарда орнатылмаған санитарлық-гигиеналық нысандар үшін 29 миллион теңгеден астам қаржы төлегені анықталды. Аталған фактілер бойынша, облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сай («Аса ірі көлемдегі ұрлық»), сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Прокуратура өкілдері, бұл баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тыйым салып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, деп хабарлады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз