Жаңалықтар

Жетісу облысындағы мұғалімдердің айлық жалақысын мүлде басқалары алып отырған

Жетісу облысындағы мұғалімдердің айлық жалақысын мүлде басқалары алып отырған

Дәл осы өңірде 63 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды. Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің деректеріне сай, Кербұлақ ауданында 34 миллион теңге ұрланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Сондай-ақ, Сарқан ауданы әкімдігінің туристік орындарда орнатылмаған санитарлық-гигиеналық нысандар үшін 29 миллион теңгеден астам қаржы төлегені анықталды. Аталған фактілер бойынша, облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сай («Аса ірі көлемдегі ұрлық»), сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Прокуратура өкілдері, бұл баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тыйым салып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, деп хабарлады.