Жаңалықтар
Жетісуда екі полицей қызмет бабында көз жұмды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 29 маусым, 2025
- 445
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді
Жетісуда екі полицей қызмет бабында көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жетісу облысында екі полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты.
«Қызметтік міндетін атқару барысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облыстық полиция департаментінің қызметкерлері – полиция майоры Арнұр Алханов пен полицияның аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын», – деді министр жексенбі күні.
Саденов қаза тапқан полицейлердің есімі әріптестерінің жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
«Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетеді», – деп қосты ол.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл мен Жетісуда қант қызылшасын өңдеу қарқын алды
- авторБақытжан Бекболат
- 31 қазан, 2025
Жаңалықтар
Қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қазан, 2025






