Жаңалықтар

Жетісуда пара алған департамент басшысы ұсталды

The final spritzer

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жетісу облысының Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.