Жетісулық ауыл оқушылары Қытайда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
- авторjambylinfo.kz
- 10 шілде, 2024
- 1.3k
Бейжіңде өткен FIRST Lego League робототехника бойынша ұлттық чемпионат аяқталды. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6-10 жас аралығындағы 238 команданың арасында күміс жүлдеге қол жеткізіп, екінші орын еншіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқушылар «Өнердегі инновация» тақырыбында LEGO-дан робототехника әзірлемелерін даярлап, фокустар көрсету бағдарламасы орнатылған интерактивті роботтар құрастырған.
«Айтулы чемпионатта еліміздің намысын Жетісу облысының ауыл мектептерінің және Талдықорған қаласының бастауыш сынып оқушылары Нұрсұлтан Бексұлтанов, Нұрболат Алинур және Нұржан Жантөре қорғады. Жаттықтырушы – Альбина Қожантай», -деп жазылған министрліктің сайтында.
Сондай-ақ дәл осы күні Алматы қаласының жас инженерлері Сиднейде First Lego League Challenge санатындағы Asia Pacific Open Championship чемпионатында беделді Motivate Award жүлдесін жеңіп алғанын атап өткен жөн.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






