Жаңалықтар

Жетісулық ауыл оқушылары Қытайда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

Чемпионатқа 6-10 жас аралығындағы 238 команда қатысқан

Бейжіңде өткен FIRST Lego League робототехника бойынша ұлттық чемпионат аяқталды.  Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6-10 жас аралығындағы 238 команданың арасында күміс жүлдеге қол жеткізіп, екінші орын еншіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқушылар «Өнердегі инновация» тақырыбында LEGO-дан робототехника әзірлемелерін даярлап, фокустар көрсету бағдарламасы орнатылған интерактивті роботтар құрастырған.

Сондай-ақ дәл осы күні Алматы қаласының жас инженерлері Сиднейде First Lego League Challenge санатындағы Asia Pacific Open Championship чемпионатында беделді Motivate Award жүлдесін жеңіп алғанын атап өткен жөн.