ЖИ мемлекеттік басқаруда: Жаңа технологиялар енгізілуде
- авторjambylinfo.kz
- 26 ақпан, 2025
- 663
Қазақстанда мемлекеттік органдарда жасанды интеллектіні (ЖИ) пилоттық енгізу басталады. Бұл бастама Е-Заннам цифрлық жобалары мен Бұлтты құжат айналымы (БҚА) негізінде жүзеге асуда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ЖИ мемлекеттік аппараттың негізгі үдерістерін автоматтандыруға көмектеседі:
Құжаттарды жасау – бұрын бекітілген құжаттар негізінде мәтіндерді автоматты түрде қалыптастыру, қайталанатын жұмысты жою.
Жауапты орындаушыларды анықтау – құжат мазмұнын талдап, ең қолайлы қызметкерді тағайындау.
Тапсырмаларды бақылау – ЖИ тапсырмалардың орындалуын талдап, дауыс командалары арқылы ұсыныстар бере алады.
Е-Заннам жобасы аясында 30 заң жобасы цифрлық форматта дайындалды. Бұл заң шығару үдерісін жеделдетіп, келісу мерзімдерін қысқартып, бірлескен жұмысты жеңілдетті.
Жоба ескірген Lotus Notes жүйесін алмастыратын бұлтты құжат айналымы (БҚА) негізінде барлық мемлекеттік органдарда енгізілуде. Сонымен қатар, Е-Апостиль (апостильдерді электрондық форматта рәсімдеу), тапсырмаларды түпкілікті бақылау және құжат айналымын автоматтандыру сияқты маңызды бастамалар қолға алынуда.
Бұл цифрлық шешімдер мемлекеттік басқаруды тиімді әрі ашық етуге ықпал етеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






