сәрсенбі, 9 қазан, 2024 9:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жигули Дайрабаевқа қажетті қолды 3-4 күнде жинаймыз – «Ауыл» партиясы

Жигули Дайрабаевқа қажетті қолды 3-4 күнде жинаймыз – «Ауыл» партиясы
ашық дереккөзі
Жигули Дайрабаевқа қажетті қолды 3-4 күнде жинаймыз – «Ауыл» партиясы
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков ұйым атынан ҚР президенттігіне ұсынылған Жигули Дайрабаевты қолдау парақшаларын 3-4 күннің ішінде жинап тапсыра алатындарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау парақшаларын қанша уақыттың ішінде жинап әкелуді жоспарлап отырсыздар?», деп сұрады БАҚ өкілі Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде. Төлеутай Рақымбековтің айтуынша, заң талабына сәйкес қажетті қолды жинауға «Ауыл» партиясының әлеуеті толық жеткілікті. «Қазір өңірлік филиалдардың өкілдері қол қоятын парақшаларды алып кетуге келеді. Менің ойымша, 3-4 күннің ішінде жинап бітіреміз деп ойлаймын. Естеріңізге сала кетейін, біздің партияның өзінде 300 мың мүше бар. Заңның талабы бойынша 118-119 мыңдай қол жинау керек», - деді ол. Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясынан президенттікке ұсынылған Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын талаптарға сай деген қорытынды шығарды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар