«Жітіқарадағы өрт»: 5 баласынан айырылған отбасыға баспана берілді
- авторjambylinfo.kz
- 17 қазан, 2024
- 443
Жергілікті атқарушы билік Жітіқарада өрт кезінде 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер және 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше, Жітіқарадағы жеке үйдегі өртте бес кішкентай баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.
«Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024