жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жоғалып кеткен блогер өлі табылды

Жоғалып кеткен блогер өлі табылды
ашық дереккөзі
Жоғалып кеткен блогер өлі табылды
Блогер әрі вайнер Мұрат Бірмағамбетовтің денесі табылды. Бұл туралы «Диапазон» басылымы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Мұрат Бірмағамбетов әлеуметтік желі қолданушыларына Марс Откатович және Мура Мариарчи лақап атымен танымал. 19 қарашада жоғалған ақтөбелік Мұрат Бірмағамбетовті жергілікті тұрғындар қаладан шарқ ұрып іздеген. Блогер үйінен шыққаннан кейін қайта оралмаған. Ал 27 қараша күні, яғни бүгін марқұмның денесі табылғаны хабарланды. Оның өлімінің себебі туралы әзірге ешқандай жоқ. Естеріңізге сала кетсек, Мұрат Бірмағамбетов көзі тірісінде нағыз әмбебап азамат және өз елінің патриоты екенін көрсетті. Ол — блогер, вайнер, волонтер әрі Ақтөбе КВН командасының бұрынғы капитаны болған. Сондай-ақ Мұрат қайырымдылық іс-шаралардың басы-қасында жүрген. Ол ақтөбелік қыз-жігіттермен бірге «100 дос» атты жобаны іске асырып, мұқтаж жандарға жәрдемдескен. Марқұмның артында жұбайы және 2 қызы қалды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар