Жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті балдары жарияланды
Жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті балдары жарияланды
Айта кетейік, министрлік белгілеген шекті балдар биыл өзгерген жоқ: - «Құқық» және «Педагогика ғылымдары» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл; - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» - кемінде 70 балл; - «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» - кемінде 60 балл; - ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, - өзге жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 50 балл. Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл. Сонымен қатар 2019 жылдан бері академиялық еркіндік шеңберінде ЖОО-лар ақылы негізде де, грант бойынша да оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның өз шекті балдарын белгілеуге құқылы. Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге ыңғайлы болу үшін еліміздің барлық жоғары оқу орнының шекті балдарын жыл сайын ортақ тізімде ұсынып отырады. Бұл мәліметті оқу орындарының веб-сайттарынан да көруге болады.