Жаңалықтар

ЖОЛ САПАСЫ - ДАМУ КӨРСЕТКІШІ

ЖОЛ САПАСЫ - ДАМУ КӨРСЕТКІШІ

Қазақстан жолдардың сапасы бойынша аутсайдер мемлекеттердің қатарынан түспей келеді.  Әлем елдерінің жол сапасын анықтайтын рейтингте Қазақстан қазір 141 елдің ішінен 93-орын алған. Жылда қазынадан қыруар қаражат қарастырылса да нәтиже жоқ. Неге? Мәселен ең сапалы жолдар жөнінен  әлемдік рейтінгтің көшін Біріккен Араб әмірліктері бастап тұр. Екінші орында Жапония. Үздік үштікті Швейцария түйіндейді. Егер салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ жолдарды салуға жұмсалатын қаржы бірдей-ақ. Тіпті асып түседі. Сараптамаға сүйенсек АҚШ-та 1 шақырым жолды салуға орта есеппен 2,4 млн доллар жұмсалады. Испанияда 1,6 млн доллар. Қытайда 1,2 млн доллар. Қазақстанда бұл сома әлде қайда көп. 1 шақырым жолды төсеу үшін 3,17 млн доллар кетеді. Онда Қазақстан неліктен көштің соңында жүр? Жолдарды пайдалану кезінде олардың сапасына көптеген факторлар әсер етеді. Жолдан өтетін көлік санының көптігі, жолға түсірілетін жүктеменің шамадан асуы, еліміздің климаттық жағдайы.  

Мәселен,  Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің сапа орталығы» белсенді жұмыс істеп келеді. Аталған орталық қызметкерлері осы жылдың 9 айында 309 нысанға 559 рет іссапарға шыққан. Нәтижесінде жол-құрылыс материалдарының 1736 данасынан үлгі алынып, оның 266-сы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған. Бүгінгі таңда барлық анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына бас-аяғы 121 хат жолданған. Жолшылар мұндағы негізгі мәселе асфальт-бетон жамылғысын нашар нығыздауына байланысты болып отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы да аталған мәселені бірнеше рет көтеріп, жол желісінің сапасына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға беріп, қалыптасқан жағдайды реттеу үшін жүйелі шараларды қабылдауды жүктеген.

Рас, қазынадан қыруар қаржы бөлінсе де, жол мәселесі әлі күнге түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Ал, жыл сайын көлігіне салық төлеп, жолдардың жөнделуіне өз қалтасынан аз да болса үлес қосатын жүргізушілер қара жолдың сапалы болғандығын қалайтыны белгілі. Десе де, жол-құрылыс саласында әлі күнге дейін бірқатар кемшіліктер мен заңбұзушылықтар тыйылмай тұр. Мәселен, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері осы жылдың 9 айында 309 нысанға 559 рет іссапарға шыққан. Нәтижесінде жол-құрылыс материалдарының 1736 данасынан үлгі алынып, оның 266-сы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған. Бүгінгі таңда барлық анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына бас-аяғы 121 хат жолданған. Жолшылар мұндағы негізгі мәселе асфальт-бетон жамылғысын нашар нығыздауына байланысты болып отырғанын жеткізді.

Бүгінгі таңда Қазақ елінің аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзынды­ғы шамамен 96 мың шақырымды құраса, соның жартысына жуығының жөндеуді қажет ететіні, әсіресе шалғай ауылдардағы жағ­дайдың мүшкілдігі бірқатар мәселені қайта қарау қажеттігін көрсетеді. Сондықтан қара жолдың қадірін білгіміз келсе, келер күнде емес, дәл қазір құрып бара жатқан жергілік­ті жолдардың жайын ойлайтын уақыт жеткен сияқты.