Жаңалықтар

"Жолаушылар тасымалы" паркі 50 жаңа вагонмен толықты

"Жолаушылар тасымалы" паркі 50 жаңа вагонмен толықты

Су жаңа вагондарды қазақстандық "ЗИКСТО" зауыты жасап шығарған. Олар Қарағанды – Жезқазған, Атырау – Маңғыстау және Атырау – Ақтөбе бағыттарында жүретін пойыздарға тіркеледі. Вагондарда кондиционер, ауаны тазарту сүзгілері, датчиктер, тамбурлардағы бейнебақылау жүйесі, электр розеткалары, душ бар. Келесі жылдың басында тағы 100 вагон жасап шығарылады деп жоспарланып отыр.