Жаңалықтар

«Жолдасымды басқа әйел алуға көндірдім»:Майра Мұхамедқызы алғаш рет отбасы жайлы айтты

Өнер иесі жолдасы екеуі тұңғышын 20 жыл күткен

Қазақстанның Халық әртісі Майра Мұхамедқызы журналист Дана Нұржігітке берген сұқбатында алғаш рет отбасы жайлы айтып, жан сырын ақтарды деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Опера әншісі ұзақ уақыт балалы бола алмай, тіпті жолдасына басқа әйел алуға рұқсатын берген. Алайда отағасы бұл ұсыныстан бас тартып, өнер иесінің қасында қалуға уәде берген. Нәтижесінде 20 жылдан кейін Майра Мұхамедқызы жолдасына қыз бала сыйлаған.