Жаңалықтар

Жолдау аясында ветеринария саласындағы өзекті мәселелері талқыланды

Жолдау аясында ветеринария саласындағы өзекті мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте ветеринария саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Айта кетейік, аймақ басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, «Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталығы», «Қазақ Ұлттық ғылыми-зерттеу институты» мамандарынан құрылған жұмысшы тобы облыс аумағындағы ахуал бойынша толық талдау жүргізген. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек талдау қорытындысымен анықталған кемшіліктер бойынша бірқатар қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Тіркелген ауру ошақтарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, 9 896 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қайта вакцинациялаудан өткен. Жалпы қазіргі таңда өңірде мал аурулары бойынша ахуал тұрақты. Биыл сібір жарасына қарсы 4 млн. 827 мың бас малға вакцинация жүргізілген. Бір ай ішінде жануарларды және ет өнімдерін тиісті құжатсыз тасымалдау ережелерін бұзған 9 ветеринариялық бақылау бекетіне 118 хаттама толтырылып, жалпы көлемі 4,8 млн. теңге айыппұл салынған.

Бүгінде облыстың ветеринария жүйесін реформалау бойынша нақты шаралар қабылдануда. Нақтырақ айтсақ, орталықтандырылған ветеринариялық қызметті құру, ветеринариялық мамандардың жалақысын 50-ден 100 пайызға дейін ұлғайту бойынша белсенді жұмыстар жүруде. Сондай-ақ, қызметкерлер біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, салалық басқарма, ауылдық округ әкімдері мен статистика департаменті арасында деректерді жедел жаңарту туралы үшжақты келісім жасалған. Бұдан бөлек, сібір жарасына қарсы вакцинациялауға жататын азаматтардың тізімі жасақталып, ауыл шаруашылығы жануарларын сібір жарасына қарсы 2 рет вакцинациялау жүргізу жоспарлануда. Ақпараттық-түсіндіру шараларына баса назар аударылуда. Облыс әкімі жауапты тұдлғаларға өңірдегі ветеринария саласын дамыту бойынша арнайы Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев табиғи ауру ошақтарын анықтауда ауыл үлкендерімен бірлесіп, зерделеу шараларын жүргізуді тапсырды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес» деп атап көрсеткен болатын. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттің әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратын білім беру және ғылымды дамыту жүйесіне маңызды орын беріледі. Жолдауда елімізде қалыптасқан әлеуметтік маңызға ие өзекті мәселелердің басын ашып, оларды шешу жолдарын тарқатып айтты. Ветеринария саласының жұмысы бір жүйеге келмей мал шаруашылығы да дамымайды. «Ветеринария саласын да жетілдіру қажет. Бұл салада орталық пен өңірлер арасында міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес», - деп нақты айтты Мемлекет басшысы. Президент бұл салада жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, өткен айда Жамбыл облысында өңірдегі ветеринариялық ұйымдарға автокөлік табыстау рәсімі өтті. Бұл күні тиісті мекемелерге облыстық бюджет есебінен арнайы жабдықталған 10 УАЗ көлігі берілді. Аймақ басшысы мұндай шаралар ветеринария саласының жұмысын жандандыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласын реформалауға, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындауға, ветеринария жүйесін цифрландыруға, мамандарды даярлауға, жалақыны арттыруға қатысты маңызды міндеттер жүктеген болатын. Қазіргі таңда облыстың ветеринариялық ұйымдарын орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудандардағы ветеринариялық станциялары тек өздеріне тән функцияларды ғана атқаратын болады. Қосымша қаржылық-шаруашылық жүргізу жұмыстарын облыстық деңгейде құрылатын кәсіпорын орындайды. Үнемделген қаражат есебінен ауылдық жердегі мал дәрігерлерінің жалақылары шамамен екі есеге дейін артады деп көзделуде.

Сондай-ақ, аймақ басшысы табысталған жаңа қызметтік көліктер кәсіпорындардың өздеріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындауды біршама жеңілдететіне сенім білдірді. Пунктегі жануарлар «Жануарларға жауапты қарау туралы» Заңына сәйкес қала және аудандарда ұйымдастырылған уақытша ұстау орындарына жеткізілген иесіз жануарлар арнайы тәртіппен асырап алуға ниетті тұрғындарға беріледі.