Жаңалықтар

Жуалы құтқарушылары алты адамды қауіпсіз жерге көшірді

Жуалы құтқарушылары алты адамды қауіпсіз жерге көшірді

12 қаңтарда сағат 20:18-де № 7 өрт сөндіру бөлімінің 3 өрт сөндіруші-құтқарушысы құтқару техникасымен Жамбыл облысының Жуалы ауданында Қолбастау ауылының маңында 2 ақауы бар жеңіл автокөліктің ішінен 6 адамды, оның ішінде 3 баланы Б.Момышұлы ауылына эвакуациялады. Эвакуацияланған адамдарға медициналық көмек қажет болмады. Еске сала кетейік, 12-13 қаңтарда жел мен қатты 33 градусқа дейін аяз болатыны туралы дауылды ескерту жарияланған болатын. Құрметті азаматтар! Өздеріңізге, балаларыңызға және жақындарыңызға «Darmen» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алыңыздар. Жамбыл облысы ТЖД ауа райы болжамын қадағалауға, құтқарушылардың ұсынымдарын сақтап, аса қажет болмаса, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береді. Қажет болған жағдайда құтқару қызметінің «112» және «101» нөмірлеріне қоңырау шалыңыздар.