Жуалыда қауіпсіздікке бағытталған рейдтер жалғасуда

Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жуалы ауданында өрт пен судағы қауіпсіздікті насихаттауға арналған кезекті профилактикалық іс-шаралар өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оған Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық полиция бөлімінің мамандары жұмылдырылды.
Шара барысында тұрғындарға ашық алаңда от жағу тәртібі мен өрт қаупі жоғары кезеңдерде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі қатаң ескертілді.
Сонымен қатар, су айдындарында өзін-өзі ұстау мәдениеті де назардан тыс қалған жоқ. Мамандар азаматтарға рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау және төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын түсіндірді.