Жаңалықтар

Журналист Нұрбек Әмиша «Qyzylorda» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Журналист Нұрбек Әмиша «Qyzylorda» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Журналист Нұрбек Әмиша «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аймақтық «Qyzylorda» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Н.Әмиша бұған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін, Ұлыбританияның University of Leeds оқу орнын тәмамдаған. Саладағы қызметін аймақтық басылымдарда тілшіліктен бастап, 2007-2009 жылдары «Айқын» республикалық газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 2009-2011 жылдары «Qyzylorda» телеарнасының редакторы, 10 жылға жуық уақыт «Хабар» агенттігінде редактор, продюсер және Бас редактор болып еңбек етті.