Жаңалықтар
Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 21 ақпан, 2023
- 233
Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталды
Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталды
2022 жылғы қыркүйектен бастап ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалды.
Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды.
Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 “Қауіп”, 147 “Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату”, 158 “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202 “Бөтеннің мүлкін қасақана жою”, 293 “Бұзақылық” баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды.
Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды. Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз