жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Журналистерді қолдау қоры құрылды

Журналистерді қолдау қоры құрылды
ашық дереккөзі
Журналистерді қолдау қоры құрылды
Бұл туралы «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли хабарлады. Елордада «Журналистерді қолдау қайырымдылық қоры» құрылды. Қордың жұмысы аз қамтылған отбасылардан шыққан жас журналистердің, жалғызбасты және көпбалалы журналистердің материалдық жағдайын жақсартуға, жас мамандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге, баспана мәселесінің шешілуіне ықпалдасуға және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Аталған ұйым журналистердің беделін арттыру,кәсіби-шығармашылық мүддесін, авторлық және сабақтас құқықтарын,ар-намысын, іскерлік беделін қорғау, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын жақсарту, ардагер журналистерге тиісті деңгейде құрмет көрсету мақсатымен кәсіптік одақтармен ынтымақтастық орнатуды да жоспарлап отыр. Осы орайда, алғашқы қадамдар да жасалды. Нәтижесін алдағы уақытта жария етеміз. Әріптестеріміздің қандай да бір өтініштерін білікті ардагер журналистер мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия қарайтын болады.   
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар