Журналистерге шабуыл ұйымдастырған адамның аты жарияланды
Журналистерге шабуыл ұйымдастырған адамның аты жарияланды
«Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды», - делінген ресми хабарламада.
Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Жауап алу кезінде барлық шабуылдарды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені бірқатар танымал БАҚ өкілдеріне жеке талап-тілегі болғанын мәлімдеді. Клебанов-Маневич хакерлер тобы мен орындаушыларды жалдаған. Ал ақшаны криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.