«Журналистерге жауап беруі қажет»: Мәжіліс төрағасы депутат Назаровтың әрекеті жайлы
«Журналистерге жауап беруі қажет»: Мәжіліс төрағасы депутат Назаровтың әрекеті жайлы
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан журналистер жаңадан сайланған депутат Ардақ Назаровтың әрекеті жөнінде пікір білдіруді сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Ардақ Назаров кеше Астанада депутаттық мандатын алуға барғанда журналистердің сұрағына елемей, Қаңтар жайлы сұраққа «Алла баршаңызды аман етсін» деп түсініксіз жауап берген. Жаңа депутаттың бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ал парламент палаталарының бірлескен отырысында бүгін Назаров тіптен ешбір сұраққа жауап бермей кете барды.
Бұл сұраққа жауап берген Қошанов «біз әлі Әдеп кеңесін құрып үлгерген жоқпыз» деп бастады.
Ерлан Қошановтан журналистер «өзіңіздің тарапыңыздан Ардақ Назаровқа ескерту бола ма?» деп те сұрады.
Қошанов «бұл мәселені шешілмейтін мәселе емес» деп түйді.