бейсенбі, 3 қазан, 2024 3:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыл басынан бері бала тәрбиесіне бей-жай қараған 6 мың ата-ана жауапқа тартылды

Жыл басынан бері бала тәрбиесіне бей-жай қараған 6 мың ата-ана жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері бала тәрбиесіне бей-жай қараған 6 мың ата-ана жауапқа тартылды
Жыл басынан бері бала тәрбилеу бойынша өз міндетін орындамаған 6 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лейла Әліпбаева осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Көбіне балалар ата-анасының еріп жүруінсіз, үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін ұсталады. Осындай әрекеті үшін жыл басынан бері 64 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық орындарының 1,5 мың иесі кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта мекемелерде болуына жол бергені үшін әкімшілік жазаға тартылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қараусыз қалған 2,5 мың бала жеткізілді. Бала тәрбилеу бойынша өз міндетін орындамағаны үшін 6 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылды», - деп мәлім етті Лейла Әліпбаева ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде. Сонымен бірге аға инспектор биыл жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 11 пайызға өскенін атап өтті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар