дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыл басынан бері елде сары май 15 пайызға қымбаттады

Жыл басынан бері елде сары май 15 пайызға қымбаттады
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері елде сары май 15 пайызға қымбаттады
Жыл басынан шілде айына дейін елімізде сары май өндірісі 13,9 мың тонна болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға аз. Бұған дейін өндіріс көлемі 31,9 пайызға өскен. Жыл басынан бері отандық май зауыттары сары майға деген сұранысты 71 пайызға, өткен жылы 83,6 пайызға қамтамасыз еткен. Елдің ішкі нарығында сары майды сату 2022 жылғы қаңтар-мамырда 19,9 пайызға, 12,5 мың тоннаға дейін өсті. Осыған ұқсас кезеңде экспорт шамамен төрт есе, 541,5 тоннаға дейін қысқарды. Биыл шілде айының қорытындысы бойынша тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2 пайызға өсті. Жыл басынан бері баға бірден 14,7 пайызға өсті. Ел бойынша тұздалмаған сары майдың бөлшек сауда құны биыл шілде айында бір келі үшін 3,3 мың теңгеге жетті. Ірі қалалар бойынша баға Павлодарда 2,7 мың теңгеден Атырауда 4,3 мың теңгеге дейін құбылды.
Жыл басынан бері сары май Маңғыстау облысында бірден 29 пайызға қымбаттаған. Одан кейін Шымкент пен Жамбыл облысы тұр, онда майдың бағасы 26,7 және 26,4 пайызға өскен.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар