Жаңалықтар

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 135,4 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 135,4 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. 💰Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері: 🔸Төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге; 🔸Бес балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге; 🔸Алты балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге; 🔸Жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге; 🔸Сегіз және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.