Жыл сайын 3 мыңнан астам қандас Қазақстан университеттерінде тегін оқуға мүмкіндік алады
Жыл сайын 3 мыңнан астам қандас Қазақстан университеттерінде тегін оқуға мүмкіндік алады
Қандас жастар Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін оқуы үшін мемлекет тарапынан 4 пайыз квота белгіленген. Жыл сайын 3 мыңнан астам шетелдегі қазақ баласы тарихи отанында оқу мүмкіндігіне ие болады.
Осыған орай М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті мен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты кездесуге университет басшылығы Талғат Нәрікбаев пен «Отандастар қоры» президенті Абзал Сапарбекұлы қатысты. Кездесу барысында «Отандастар қоры» ұйымының президенті Абзал Сапарбекұлы ұйымның қызметімен таныстырып, жалпы шетелдегі этникалық қазақтардың жағдайына қысқаша тоқталды. «Жалпы сыртта 6 миллионнан астам этникалық қазақ тұрып жатыр. Олардың басым көпшілігі өзімізге көршілес аймақтарда», - деді Абзал Сапарбекұлы. Осы меморандум аясында елімізде білім алып жатқан қандастарымыздың арасында университеттің жастар лигасымен жұмыс істеу бойынша біріккен іс-шаралар жоспары қабылданды.