Жаңалықтар

Жылай жаздап әрең тұрмын: Роза Әлқожа келініне ән арнады

Жылай жаздап әрең тұрмын: Роза Әлқожа келініне ән арнады

Белгілі әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында ұлының тойына дайындық барысын жариялады.

Ол желіге концертке дайындық, жаңа әндерді жаздыру, киіт алу, алтын қарау деген жұмыстармен бірге көкейге түскен өлең жолдарын жазып та үлгерген.

Әншінің туындысы былай өрбиді: Келінге арнау Түндерде тілегенім, Таңдарда сұрағаным. Баламның жүрегі едің, Жан ботам, жыламағын. Қайырмасы: Ел-жұртыңа жақ, келін, Ұл менен қыз тап, келін. Бауырыма басайын, Баламдай бол, ақ келін! Ұлымның сыңарысың, Үйімнің шырағысың. Қош келдің өз үйіңе Көп күткен, қуанышым! Жүзің неткен жайдарлы, жарқын еді, Құт келді деп күтуде, халқың, елің. Босағаңа берік бол бар айтарым, Керегеңе келін бол, бар тілегім.