Жылдам әрі қолжетімді
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыра аласыз
Жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталып қалды ма? Онда келесі нұсқаулық бойынша әрекет етсеңіз, төлем чегінің көшірмесін, наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлердің анықтамасын, басқа да құжаттарды жинап, халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып әуре болмайсыз.
- Еgov.kz порталына кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен өзіңізге қажетті «Жүргізуші куәліктерін беру» опциясын таңдаңыз және онлайн тапсырыс беріңіз;
- Егер айыппұлдарыңыз болса, алдын ала төлеп қойыңыз;
- Дайын құжатты алып кетуге ыңғайлы автоХҚКО-ны таңдаңыз;
- Қан тобыңызды көрсетіңіз;
- Белгілі үлгіде түсірілген фотоңызды жүктеңіз;
- Ақ қағазға қол қойып, қолтаңбаның фотосын жүктеңіз;
- Куәлігіңізде, мысалы көзілдірік секілді ерекше белгілер болса, көрсетіңіз. Телефон нөміріңізді жазып, өтінішке электронды цифрлы қолтаңба арқылы қол қойыңыз;
- 1,25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж төлеңіз;
- Құжаттың дайын болғаны туралы sms келген соң, автоХҚКО-ға барып, алып кетесіз.
- ҰО С ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
- Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
- барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек болған клиенттің ата- анасының бірі;
- қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
- жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- «Батыр Ана» атағы бар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
- Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала