Жаңалықтар

Жылжымайтын мүлікті қалай тіркейміз?

Жылжымайтын мүлікті қалай тіркейміз?

2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бағдарламасына енгізілген қадамдардың бірі - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсету орталықтарын бір жүйеге біріктіру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдеріне айналып, Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 17 қарашада «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №408-V Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, соған сәйкес Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның ішінде жеке тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін техникалық тексеру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру Мемлекеттік корпорацияға жүктелді Осыған орай, 2018 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 1 бабы 27 тармағына сәйкес, тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып табылады. Осыған орай, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы Әділет органынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамына 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап берілді. Осы орайда айтып өту қажет жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бағыты Әділет органынан Мемлекеттік корпорацияға өткеннен соң халыққа ыңғайлы бір қатар өзгерістер орын алды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалық) мемлекеттік тіркеу барысында меншік иелерінің Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9 бабының талаптарына сәйкес, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті болатын. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 460 бабының 1 тармағына сәйкес, Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы – ескерту жасауға әкеп соғады. Сондай – ақ, 2 тармаққа сәйкес, Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бұл дегеніміз, жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толырылып, құқық бұзушыларға ескерту немесе айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылып отырды. 2021 жылдың 26 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының негізінде, Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 460 бабы мен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9 бабы қолданыстан алынды. Сондай – ақ, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №451 бұйрығына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел түрде тіркеу құны бекітіліп, 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап қолданысқа енді. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел түрде тіркеу артықшылығы, мемлекеттік тіркеу мерзімін үш тәуліктен екі сағатқа дейін қысқарды. 2022 жылдан бастап Екінші деңгейлі банктердің жылжымайтын мүлік нысандарына кепілді тіркеу мақсатында «Блокчейн» бағдарламасы қолданысқа енді. Блокчейн дегеніміз ағылшын тілінен аударғанда «блоктар тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Бұл жалпы желіге қосылған көптеген компьютерлер арқылы таратылатын деректерді шифрлауға және сақтауға арналған технология. Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның тиімділігі, қызмет алушылар жылжымайтын мүлік нысандарына кепілді тіркеу мақсатында өтініштерді Халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне барып кезекте тұрып, әуре сарсаңға түсудің қажеттілігі жоқ. Аталған өтінішті кепіл ұстаушы, яғни банк тарапынан тіркеуші органға жолдап, тіркеу үшін төленетін төлем төленгеннен соң бір күннің ішінде мемлекеттік тіркеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтердің барлығы қарапайымдыланып, қызметті ұсыну мерзімдері қысқаруда. Сондай – ақ, Жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне бармай – ақ, электронды цифрлық қолтаңбаның негізінде Электронды Үкімет арқылы алуға болады. Смаилов Шыңғыс Өсербайұлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының тіркеу басқармасының басшысы