сәрсенбі, 6 қараша, 2024 0:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыр алыбына арналған жылжымалы көрме

Жыр алыбына арналған жылжымалы көрме
ашық дереккөзі
Жыр алыбына арналған жылжымалы көрме
Көкшетаулық қауым ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Алты Алаштың Жамбылы» атты жылжымалы көрмені көріп, көзайым болуда.
Мәнді шараны М.Тынышбаев атын­дағы Алматы облыстық тари­хи-өлкетану музейінің филиалы Жам­был Жабаевтың әдеби-мемо­риал­дық музейінің қызметкерлері ұйым­дастыруда. Ашылу рәсіміне та­ри­хи-өлкетану музейінің директоры, көр­ме жетекшісі Ырысжан Аязбаева, ар­қалы ақынның немересі Салтанат Жам­былова, шөбересі Қарлығаш Тезек­бай қатысып, сапар мақсаты туралы кеңінен баяндап берді. Кеңес Од­а­ғының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің мұражайында өткізіліп жатқан көрме барысында жалғыз жәдігерлер ғана емес, жыр алыбының ақбас толқындары буырқанған алапат теңіз іспетті рухани әлемі бар сырын ашып, әшекейлі әлемін жарқырата көрсетуде. Жыршының екі бірдей домбырасы, келісті кемер бел­дігі, отбасылық фотосуреттері, әр жылдары жарық көрген жинақтары, тұтынған заттары да сызылта сыр шер­тіп тұрғандай. – 1938 жылы атамызға еңсесі биік 12 бөлмелі үй тұрғызылған, – дейді Қар­лығаш Тезекбай, – қазіргі күні бұл үй ме­мориалдық музейге айналды. Үш мың­нан астам жәдігер жинақталды. Көк­шетауға біз соның негізгілерін ғана әкел­дік. Мәлік Ғабдуллин мен Жамбыл Жа­баевтың арасындағы ағалы-інілікке ұлас­қан сыйластық пен ізет жа­йын­да әсерлі әңгіме өрбіп, рухани байла­ныстың тіні тарқатылып айтылды. Көкше­таулықтар жыр дарияның мөлдір тамшыларымен мейірін қандырған мәнді шара әлі де жалғасуда.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар