«Әзірге о дүниеге кететін ойым жоқ» - Лукашенко
«Әзірге о дүниеге кететін ойым жоқ» - Лукашенко
Беларусь Президенті Александр Лукашенко аденовирус жұқтырды. "Мені өлейін деп жатыр дегендерге айтарым, әзірге о дүниеге кететін ойым жоқ. Уайымдамаңдар. Мұның барлығы мессенджерлер мен Telegram-арналардағы құр қауесет. Менде, атауы қалай еді…аденовирус па қалай еді? Иә, аденовирус. Алайда менің дер кезде емделуге уақытым болмады: біресе Мәскеуге баруға, біресе сенбілікке қатысу керек болды. Сондықтан қазір өлетін ойым жоқ", – деді Лукашенко. Беларусь көшбасшысы мұндай инфекциялық ауру 3 күнде емделетінін түсіндірді. Дереккөз: Atameken Business телеграмм каналынан