«Зорлап, видеоға түсірген»: Шымкентте 21 және 15 жастағы әпкелі-сіңілілер зорлыққа ұшыраған
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 6 тамыз, 2024
- 499
Зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыздарды зорлағандардың арасында полиция қызметкері бар екен – деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
НеМолчи қорының хабарлауынша, қыздар 30 шілдеде Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының токсикология бөліміне түскен.
Олар негізі 4 ай бұрын зорланған екен. Қаскөйлер тағы да зорламақ болғанда, қыздар өзіне қол салған.
«Қыздарды зорлап, видеоға түсірген екен. Біреуге айтса, видеоны таратамыз деп қорқытқан. Қаскөйлердің ішінде полицей де бар. Қыздар арыз жазды және олармен психолог жұмыс істеп жатыр. Олар әлі ауруханада жатыр», – делінген хатта.
«Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі ҚАЖ мекемесінің бұрынғы бақылаушысы екенін хабарлаймыз», – деп хабарлады полиция.