“Зорлық- зомбылықсыз 16 күн белсенділік” акциясы басталды
- авторБақытжан Бекболат
- 25 қараша, 2025
- 254
Науқанның негізгі мақсаты – 16 күн бойы отбасы ішінде зорлық-зомбылық көрген азаматтарға психологиялық және құқықтық көмек көрсету, жәбірленушілерді оңалтуға бағытталған қызметтерді ұйымдастыру, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Осы кезеңде құқық қорғау органдары қоғамда кез келген күш көрсету әрекетіне жол бермеуге бағытталған қоғамдық көзқарас қалыптастыру үшін кешенді іс-шаралар атқарады. 2024 жылғы 4 қазанда ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі арнайы басқарма құрылғанын атап өткен жөн. Қазіргі таңда оның аймақтық бөлімшелері де қызмет атқаруда.
Профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына тәртіп, жауапкершілік және адамгершілік қағидаттарын сіңіру. Қоғам тұрмыстық жанжалды жай ғана отбасылық түсініспеушілік емес, ауыр құқықбұзушылық, тіпті қылмыс ретінде қабылдауы тиіс. Сондықтан әрбір азамат зорлық-зомбылық көрсеткен тұлғаларға нөлдік төзімділік танытуды өзінің азаматтық позициясы ретінде ұстануы қажет. Заң үстемдігі мен өзара құрметке негізделген орта – қауіпсіз әрі тұрақты болашақтың кепілі.





