Жаңалықтар

Ұзынағаштағы атыс. 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды

Ұзынағаштағы атыс. 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды

4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына жатқызылды. Жеткізілгеннен кейін зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінде. Іздестіру іс-шаралары барысында "Ұстап алу" жоспары жарияланды және өңірдегі полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.