Аида Балаева жаңа әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды
Ол бұл пікірін Түркіменстанда ойшыл Мақтұмқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық конференцияда айтқан
Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2024 жыл – түркі әлемінің ұлы ақыны, ойшыл Мақтұмқұлы Пырағы жылы деп жариялады. Оның мерейтойы 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО-мен бірге өтетін атаулы күндер тізіміне енді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа халықаралық сыйлық - Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Конференцияға 20 елдің мәдениет министрлері қатысқан. Аиба Балаева Астанада ойшылға ескерткіш ашылатынын хабарлаған.
Министр өз сөзінде Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлықты тағайындауды ұсынды.