Алтынбек Қартабайдың фотосуреттері архив қорына өтті

0 186
Жамбыл облысының үздік фотографтарының бірі, облыстық «ARAI» газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың жеке тектік құжаттары Тараз қалалық мемлекеттік архивіне өткізілді. Осыған орай  салтанатты жиын өтіп, оған  облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева, қалалық архив директоры Нұрхат Серікбаев, А. Қартабайдың ұжымдас әріптестері мен өзге де архив саласының қызметкерлері қатысты.
Қорға Алтынбек Болатұлының жеке тектік құжаттарынан тұратын 7 сақтау бірліктен тұратын 100-ге жуық құжаттары мен 500-ге жуық фотосуреті мемлекеттік сақтауға алынып, толықтырылды.
Фотоөнер шебері өткізген құжаттар қатарында оның ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтан, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтан алған алғыс хаттары, ҚР Журналистер Одағының мүшесі туралы куәлігі, түрлі дәрежелердегі байқаулардың дипломдары, халықаралық фотофестивальдерден алған сертификатары өзге де жеке дүниелері бар.
Салтанатты рәсімнен соң өткен «дөңгелек үстел» отырысы барысында  Алтынбек Болатұлы өзінің  фотография саласына  келу тарихымен бөлісіп,  фотосурет өнерінің кейбір қыр-сырларымен бөлісті.  Басықосу барысында сөз алған мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева А. Қартабайдың ұзақ жылдар бойғы еңбегін ерекше айтып өтіп, құнды құжаттар болашақ ұрпақтың қажетіне жарайтынын жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.