Мәдениет

Қарашада көрерменге жол тартатын фильмдер

Қарашада көрерменге жол тартатын фильмдер

Мәдениеттің рөлін ұғынуға деген бүгінгі көзқарас жаңа әлеуметтік-мәдени орталарды қалыптастырды. Дәл бүгінгідей жаппай оқшаулану тәртібі мәдениет пен өнер саласының жаңа негізде өркендеуіне жол ашты. Жаһандық мәдени диалогтің белсенді қатысушылары үшін ай сайын, тіпті апта сайын ірі стриминг алаңдар, онлайн кинотеатрлар жаңа тұсаукесерлер ұсынып келеді.

Қарашаның алғашқы он күн­дігі «Бала Шелдон», «Жақсы дә­рігер» секілді танымал жоба­лардың ке­зек­ті маусымымен қа­тар Чак Ло­ридің жаңа ситкомы, мұғалім мен оқушының романы туралы драма және өзге де жаңа сериалдармен қуантқан еді. Netflix, «Кинопоиск HD», «Амедиатека» сынды алып интернет-кинотеатрлар бұл жо­лы да қоғамдық қатынастарды жаң­ғыртуды мақсат еткен бірқатар сериалдарды көрсеткелі отыр.

«Тәж» (The Crown), 4-шыға­ры­лым, тұсаукесері 15 қарашада, Netflix арнасында

II Елизавета патшайымның өмір­баяндық тарихнамасы анау айтқандай оза шаппаса да, дизайн көркемдігі мен тегеурін­ді тасқынымен таңғалдырды. Дра­матург Питер Морган он­даған са­ғаттық серияның төр­тінші мау­сымын жалғыз өзі жа­зып жатыр, ал  экранда ХХ ға­сырд­ың таң­­ғажайып тұлғаларын бей­не­­лейтін жұлдыздардың бағы асып тұр. Бұл жолғы төртінші шы­­ғарылым­ға патшайым рөліндегі Оливия Коул­ман, Маргарет ханшайымды ойнаған Хелена Бонхам Картер, Маргарет Тэтчердің рөлін сомдайтын аңыз Джиллиан Андерсон мен Диана ханым болып қайта өмірге келген жұлдыз Эмма Коррин келіп қосылды.

 

«Ай базасы 8» (Moonbase 8), тұ­сау­кесері 8 қарашада, «Аме­диа­­­тека» арнасында

A24 компаниясының үнемі жо­лы ­бола бермейтін бейбақ ға­рыш­­керлердің айға ұшар ал­дын­дағы NASA базасындағы жат­ты­ғу­лары жайын баяндайды. Фильм­нің комедия ансамблі Фред Ар­ми­сен, Джон С. Райли және Тим Хейд­кер­ден құралған. Нағыз күзгі көңіл күйге арналған комедия екені сөзсіз.

 

«Жалға беру» (The Rental), тұсау­кесері 12 қарашада, IVI платформасында

Ағайында қос жігіт (теле жұл­дыздар Дэн Стивенс пен Тоби Гусс) апта со­ңында демалуды ұйғарады. Жарқабақ басындағы биікте орналасқан үйдің төңі­регі көз қуантарлық әдемі. Тек оларды қарсы алған адамның сиқы өте күмәнді еді. Ақыры демалуға келген жігіттер кө­ңілдері күпті болса да, ақшасын тө­леп, үйге орналасады. Фильмнің әрі қа­райғы шиеленісті желісі кімді болсын қызық­тырмай қоймасы анық.

 

Үлкен аспан (The Big Sky), тұс­ау­ке­сері 17 қарашада, ABC арнасы

ABC арнасының драмасы жеке детектив пен бұрынғы полицейдің бірлесіп, жоғалып кеткен апалы-сіңлілі қыздарды іздеу оқиғасын баян етеді. Оларды трасса бо­йын­да жүк көлігінің жүргізушісі ұс­тап алып кеткен. Тергеу бары­сында бұрын да осы аймақта қыздар ұр­ланғаны белгілі болады. Екі тер­геушінің мақсаты – кезек­ті қай­ғылы жағдай болмай тұрғанда ма­ньяктың аяғына тұсау салу.

«Кит аулаушы», тұсаукесері 21 қарашада, «Кинопоиск HD» арнасында

Чукоткада жергілікті тұрғын­дармен бірге түсірілген фильм он жыл бойы ойластырылған еді. «Кит аулаушы» – бұл бозбала Лешка мен оның жақын досы Колянның ержетуі жайындағы рухани драма. Екеуі де Беринг бұғазындағы кішкентай кит аулайтын ауылда тұрады. Ресейдің солтүстік-шығысындағы Ана­дырь қаласына жету оңай емес. Ал қа­йық­пен айналдырған бір сағатта жетіп баруға болады. Ауылда ойын-сауық жоқ десе де болады, күндегі тірлік кит аулаудан басталады. Одан қалса көшенің ана басынан мына басына жүре беру де жалықтырады. Жуырда қосылған интернет байланысы нашар, әйтсе де тіл білмейтін, өркениеттен жы­рақ жатқан ауылдың балалары өз­ге кеңістікке, жаңа­лыққа құштар еді. Режиссер Филипп Юрьевтің атал­ған фильмі биыл Венеция кино­фестивалінде жүлдегер атанды.

Кезекті маусыммен шық­қан сериалдар қатары біз жоға­ры­да топтастырған фильм­дер қа­та­рымен шектелмейді. Тал­­ғам­паз көрерменнің таңдауынан шы­­­ғарлық жаңа туындылар сәт са­йын үлкен экранға жол­да­­нып жатыр. Стри­минг плат­фор­малар­да­ғы ­кон­тент­тің мүм­кіндіктері мен ке­ле­шегі шетелдік нарық тара­пы­нан қызығушылық ту­дырып келеді. Мә­селен, жал­пы саны 242 бө­лімнен тұратын сериал мен анима­ция­лық жоба ТМД-дағы ең үздік онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасы арқылы та­ралмақ.

Сонымен қатар Ұлттық арна Тәуел­сіз­діктің 30 жылдығына ар­­нал­ған 100 бөлімнен тұратын «За­мандастар», Халық жазушысы Ә.Нұр­шайықовтың романы желісі бойынша түсірілген «Махаб­бат, қызық мол жылдар» телехикаяларын ұсынбақ.

Заманауи сериалдар – мінез-құ­лық үлгілері мен эмоциялық реакция­лар жиынтығын тоғыс­ты­­ратын бүгінгі заманның ең ма­­ңызды мәдени алаңына айнал­ды. Телешоулар мен сериалдар көтеретін жүгі, мазмұнды сапасы тұр­ғысынан романға пара-пар ке­ліп жатады. Бүгінгі қала тұр­ғынының күн тәртібіне өте ың­ғайлы тарауларға бөлінген сериалдар күнделікті өмір ырғағына сай келеді. Өйткені ақпаратқа шектен тыс қаныққан адамдар күні бойғы қарбаластан қолы қалт ете қалғанда, том-том кітап­тардың бетін ашуы екіталай. Сондықтан ыңғайлы әңгіме тақы­рыбына айнал­ған телешоулар, сериалдар, фильм­дер белгілі бір тақырып аясын­да мәдени орта қалыптастырып отыр­ғаны шындық.

egemen.kz