Мәдениет

Қазақстанда 18 586 Абай бар

Ұлы ақынның аттастарының көбі Түркістанда тұрады екен

Қазақстанда ұлт кемеңгері, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімін 18 586 адам алған, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде 18 бен 4 жас аралығында 8179 адамның есімі Абай.

Ал, 45 жастан асқан Абай 6 241 адам болса, 18 жасқа жетпеген 4166 бала ақынның есімімен аталды.

Ойшылдың аттастары ең көп шоғырланған облыс - Түркістан облысы. Мұнда 2050 Абай бар. Одан кейін Астана - 2021 адам.  Алматы 1639 адам ақын атын еншілеген.

 Абай Құнанбайұлы дүниеге келген өлкеде – 232 Абай бар екен.

2024 жылғы 1 шілдедегі санайғаққа сүйенсек, Қазақстан халқының саны 20 159 707 адамды құрады.