Мәдениет

Қазақстандық өнерпаз халықаралық байқауда Гран-при иеленді

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Беларусь Республикасының Витебск қаласында «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Грузия және Қырғызстан – жалпы 12 елден 1 200-ден астам өнерпаз қатысты. 

Байқауда Қазақстан атынан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-курс студенті Ақерке Амалят өнер көрсетті. Ол қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.

Айта кетейік, Ақерке бұған дейін де халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулардың жеңімпазы әрі лауреаты атанған.