Мәдениет

"Дала фольклорының антологиясы" этнокөрме өткізілді

"Дала фольклорының антологиясы" этнокөрме өткізілді

«Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру және жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыру, Отанын, елін сүюді үйрету мақсатында «Дала фольклорының антологиясы» атты этнокөрме өтті. Көрме барысында қатысушылар «Ұлы даланың жет қыры» тақырыбында өз қолдарынан жасаған бұйымдарын әділ-қазы алқаларына таныстырды. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға қатысқандықтары үшін алғысхат берілді. ​Шараға жастар және мектеп оқушылары қатысты.