Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

62

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жаңа бейнебаянының тизерін жариялады.

«Жақында «Golden» әніне түсірілген жаңа бейнеклипім шығады! Ең алдымен #dears — қа қолдау көрсеткені үшін және менің жаңа туындыларымды әрқашан асыға күтетіні үшін алғыс айтамын. Менің жаңа бейнеклипім жақсы әсерге бөлейді деп сенемін. Мен сіздерді YouTube каналымда күтемін. Шығу күні жақын арада белгілі болады. Жаңалықтар назарларыңызда болсын», деп жазды ол.

egemen.kz