Мәдениет

«Енді келместей болған шығар». Роза Рымбаеваның Ақтаудағы концертін әлеуметтік желі қызу талқылап жатыр

Өнер иесі кеш өткізетін күні құтқару қызметі қатты жел болатыны туралы хабарлама таратқан.

Халық әртісі Роза Рымбаева Амал күнінде Ақтау қаласының жағалауында концерт қойған. Бірақ, кешке небары елу адам ғана жиналған. Ауа-райының қолайсыздығы мен көрермендердің аздығына қарамастан, Роза Рымбаева концертін тоқтатпаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Ашық дереккөздерге сүйенсек, көрерменнің көп жиналмауына бірнеше фактор себеп болған. Ауа райы, Амал мерекесі, Рамазан айындағы ауызашар сияқты себептермен қатар, концерттің  жарнамасы бір күн бұрын ғана жарияланғаны белгілі болып отыр.

Ал әлеуметтік желінің қолданушылары көрермен өте аз жиналған видеоның арасына әзіл шыны аралас пікірлер қалдырып жатыр. «Боранды күні Роза мен ит құтырады», «Отпан тауға шақыра салу керек еді», «Енді келместей болған шығар» деп жазды қолданушылар.