Фотосурет байқауы мәресіне жетті

25

Бүгін облыстық көрме залында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың ұйытқы болуымен «Алтын күз» тақырыбында облыстық қашықтықтан өткізілген фотосурет көрме-байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Шараға арнайы қатысып, құттықтау сөз алған «Aulieata media» ЖШС директоры Нұрбек Бекен фотоөнердің ерекшелігіне тоқталып, байқау жеңімпаздарына сәттілік тіледі.

– Өздеріңіз білесіздер, Алтынбек Қартабай тек қана облысымызға емес, республикаға танымал фотограф. Осыған дейін талай байқауға қатысып, топ жарып жүр. Бұл кісіден сабақ алып, үйренемін деген шәкірттерді біз әрқашан қолдаймыз. Фотоөнер дегеніміз беталды фотоға түсіре беру емес, оның жарықты дұрыс қоя білу, композицияны таңдай білу сынды өз талабы бар, – деді Нұрбек Бекен.


«ARAI» облыстық жастар газеті мен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен фото-сайысқа Жамбыл, Талас, Тұрар Рысқұлов, Шу, Мойынқұм, Қордай ауданы мен Тараз қаласының бірқатар мектертері мен техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерінің 250 жұмысы келіп түскен болатын. Нәтижесінде Техникалық шығармашылық орталықтың тәрбиеленушілері Думан Нұғманұлы мен Алина Паримбек бас жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек жас ерекшеліктеріне қарай қатысушылар І, ІІ, ІІІ орындарды еншілеп, дипломдармен марапатталды.

 

Айжан Өзбекова