Мәдениет

«Кел, ағайын Меркіге»

«Кел, ағайын Меркіге»

К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі, Мәдениет саласының үздігі Оңал Азаматованың шығармашылығында жаңалықтар көп. Ұлттық нақышта домбырамен де, эстрада да шеберлігімен танылған  Оңал қазақтың жән қырғыз елінің әндерін жүректі шымырлата орындап, тыңдарман талғамын дөп басып жүр.

Жақында О.Азаматова «Кел, ағайын Меркіге» атты әнге бейнебаян түсірді. Бұл Ғани Мәтебаевтың әні болса, сөзін Қуаныш Қолқаев пен Шоқан Айнақұлов бірігіп жазыпты.  Аталған бейнебаянның түсаукесері «Гауһартас» мейрамханасында карантин талаптарын сақтай отырып кесілді. Жаңа бейнебаянның тұсауын әнші,  ҚР Мәдениет қайраткері Разия Мәдіханова мен Меркі ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жұмахан Жантелиев кесіп, Оңал Азаматоваға ән әлемінде табыс тіледі. Мұнан соң К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының өнерпаздары ақ тілектерін жеткізді.

 

Есет ДОСАЛЫ