Мәдениет саласы қызметкерлерінің баспана мәселесі шешімін таппақ — Ақтоты Райымқұлова

25

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградаларын тапсыру салтанаты өтті. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова арнайы қатысты.

Министр Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласындағы бірқатар қызметкерге Президент жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін марапат табыстады.

Мемлекеттік наградалар төмендегідей ретпен табысталды:

«Парасат» орденімен

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» Республикалық Мемлекеттік мекемесінің профессоры Г.Ә.Молдакаримова; «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК антропологы О.Смағұлұлы;

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК артисі Т.Н.Тарская;

«Құрмет» орденімен

«Т.Қ. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы» РММ проректоры Ш.А.Әмірбеков;

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі В.В.Крылов;

«М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Ш.М.Мендиярова;

«Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы Қ.Ж.Өмірбеков;

Актер Ә.С.Райымбеков;

Алматы қаласы әкімі концерттік оркестрінің бас дирижері М.БСеркебаев;

«О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК директоры С.Шалабаев;

«Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директоры Г.К.Шалабаева;

«Ерлігі үшін» медалімен

«Esentai fit+ spa» фитнес клубының жаттықтырушысы Д.А.Рымқұлов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің әртісі С.С.Бөленова;

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК симфониялық оркестрінің әртісі А.В.Виноградов;

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК директоры О.М.Гостев;

«Орталық мемлекеттік архив» РММ директорының орынбасары М.Ғ.Жылысбаева;

«О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК оқытушысы А.Ә.Молдағалиева;

«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» РМҚК әртісі Г.Ә.Түлкібаева;

«Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК археологы М.Қ.Тұяқбаев;

«Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ дирижерлеу бөлімінің педагогы Я.Н.Хан;

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қоюшы-режиссері Ө.Т.Шманов;

«Шапағат» медалімен

«Дервиши» тобының солисі Д.Н.Бахаров;

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі А.С.Красников;

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының хореографы П.А.Омарбекова;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ профессоры Е.Н.Басықара;

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі И.В.Ермашов;

Өнертанушы К.В.Ли;

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі» РМҚК балет әртісі Д.В.Витченко;

«Т.Қ. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы» РММ доценті И.Г.Кайсиди;

«Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК әртісі Р.Т.Мамытов;

«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» РМҚК дирижері А.Ж.Тілепбергенов марапатталды.

Сондай-ақ, Мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны үшін:

Композитор М.А. Байбосынов;

Нью-Йорк қаласында «Қазақ бағдарламасы» продюсер-жүргізушісі Кожан Данияр;

Сахна  тілі кафедрасының доценті А.А. Наремгенова;

Көркемсурет  кафедрасының доценті Е.Б. Кайранов;

Экрандық  өнер режиссурасы кафедрасының аға оқытушысы М.К.Беккожин марапатталды.

Спортты  дамытудағы көп жылғы жемісті еңбегі мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін:

Сала  ардагері М.Ә. Артығалиев марапатталды.

Ал  аталмыш оқу орнындағы Актер  шеберлігі және режиссура кафедрасының аға оқытушысы Т.Н. Кубеков;Актер  шеберлігі және режиссура кафедрасының доценті М.А. Масалимова; Сценография  кафедрасының аға оқытушысы   М.Т. Наймантаева; Бейнелеу  өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры О.В. Батурина және Кино  тарихы мен теориясы кафедрасының доценті Б.Б. Нөгербек Өнер саласындағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, министр осы шара барысында бірқатар мәдениет ұйымдарына  «Ұлттық» мәртебе берілгені туралы да мәлімдеді.

Атап айтсақ, М.Әуезов атындағы драма театрына, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына, М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне мерейлі мәртебе берілді.⠀

«Еліміздің мәдениет, спорт, туризм, архив және тіл саясаты саласындағы әрбір оң өзгеріске осында отырған көпшілігіңіздің қосқан үлестеріңіз бар. Мұны Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жоғары бағалайтынымызды және өздеріңізге деген зор құрметімді жеткізгім келеді», деген Ақтоты Райымқұлова осы саладағы қызметкерлердің тұрғын-үй жағдайын жақсарту бойынша қарқынды жұмыстар жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта аталған мәселе бойынша атқарылған жұмыстар алғашқы нәтижесін бермек.

egemen.kz