Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті

29

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауруханаға түсті.

«Мейрамбекті кеше түсте жедел жәрдем алып кетті. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды», — деді «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай.

Оның айтуынша, қазір әншінің денсаулығы жақсы.

«Қазір жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды. Телефонмен сөйлесіп отырамыз. Уайымдамаңыздар, жағдайы жақсарды. Онымен кеше кешке сөйлестім. Ол Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», — деді «МузАРТ» тобының директоры.

egemen.kz