«Өмір-өлең»: Таразда ардагер журналистпен кездесу өтті

46
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, журналист, аудармашы, облыстық, республикалық жыр мүшәйралардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Баймаханбет Ахметтің қатысуымен «Өмір-өлең» атты онлайн кездесу өтті.
Кеште Баймаханбет Тоққошқарұлы өмір жолы, шығармашылығы жайлы кеңінен әңгімелеп, әр жылдары түрлі баспалардан жарық көрген «Пенде-ғұмыр», «Бұйығы сезім», «Көзайым», «Жалғыздың үні» хикаяттары мен «Тайталас» романының жазылу тарихына тоқталды.
Журналист ретінде қоғамдық оқиғаларға бей-жай қарамай, ойларын білдірді. Билік пен бұқара халықтың арасындағы алтын көпір атанған тілшілердің қоғамдағы орны жайынжа ай бөлісті.
Онлайн кештің көрермендері жыр жауһарымен сусындап, түрлі сауалдарына жауап алды.

 

Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі